Аққыстауда 2-республикалық ашық турнир өтеді

Қарашаның 23-25-і күндері аралығында Аққыстау ауылындағы спорт кешенінде ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері Бақтығали Ғұбайдуллиннің 80 жылдығына орай ардагерді еске алуға арналған спорттық бәсеке байрағын көтереді.

Жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен, ересектер арасында қазақ күресінен 2-республикалық ашық турнир аудан әкімдігі, Исатай қазақ күресі федерациясы және «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру-даярлық клубының ұйымдастыруымен өтеді. Жарыс қонақтары - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, дзюдо күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов және қазақ күресінен «Әлем барысы» Айбек Нұғмаров.

Айта кетейік, жарысқа Ресей, Грузия, Белоруссия, Әзірбайжан, Өзбекстан мемлекеттерінің мықтылары келеді деп күтілуде. Бас жүлдеге жеңіл автокөлік тігіліп отыр. Жарыстың бас демеушісі – «Бекет» шаруа қожалығы.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521