Қаңтар айының 7-13-і күндері Ақмола облысының Шучинск қаласында 2005 жылы туған жасөспірімдер арасында баскетболдан ел біріншілігі өткен болатын.
Атырау облысы құрамасының сапында өнер көрсеткен Аққыстау ауылы Абай орта мектебінің оқушысы, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ақан Мұқажанов (бапкері Амантай Торғаев) қатарынан суырылып шығып, үздік өнер көрсетіп, қарсыластарының бәрін жер қаптыра Қазақтан Республикасының чемпионы атанды. Аудан намысын бермей, шет жерде атой салған осындай сайыпқырандардың арқасында аталған спорттық бәсекеде Атырау облысы 1-орынды, Алматы облысы 2, ал Батыс Қазақстан облысы үшінші 3-орынды қанжығаларына байлады.
Серікбол Панабердиев