Абылайхан ересектер арасында ел біріншілігінен олжа салды

Бүгін исатайлық палуан, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Абылайхан Мейрамбекұлы Талдықорған қаласында самбо күресінен өткен ел біріншілігінде бақ сынады.

Былтыр ғана Сербия елінде абыройымызды асқақтан палуанымыз бұл жолы Қазақстан чемпионатында олжа салды. Айта кету керек, бұған дейін жасөспірімдер арасында биік белестерді бағындырған Абылайхан Талдықорған қаласында өткен біріншілікте ересектер арасында сынға түсті. Бұл байрақты бәсекеде талай дода көрген шын мықтылармен иық тірескен жас спортшымыз жүлделі үшінші орынды еншілеп, абыройымызды асқақтатты. Ол туралы палуанның бапкері «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының директоры Асхат Жұмабековпен телефон арқылы хабарласып білдік.

– Абылайхан төрт кездесу өткізіп, оның барлығында да дес бермеді. Бұл - оның ересектер арасындағы алғашқы жарысы. Шәкіртімізден күтер үміт мол, - дейді спортшының бапкері.

Айта кетейік, Абылайхан Семей қаласында өтетін жастар арасындағы ел чемпионатына да жолдама алып қойған болатын.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT