Сәуірдің 14-16 күндері аралығында Ақтау қаласында самбо күресінен де сайыс өтті.
2006-2007 жылы туылған жасөспірім ұл-қыздар арасындағы осынау «Ақтау кубогі» халықаралық турнирінде Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Айбек Абзал 46 келі салмақ дәрежесімен ІІ орынды иеленді.
Қадыржан Дәулет жеке бапкерлік ететін бұл жерлесімізді жетістігімен құттықтаймыз.
Берікбол ҚОНАРОВ