2022 жылдың 2-4 маусым күндері аралығында Қостанай қаласында гір көтеруден ерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа Қазақстанның бүкіл облысынан командалар қатысты.
Соның ішінде «БАРЫС» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының "Гандбол" бөлімінің жаттықтырушысы Айбол Мұханбетов облыс құрама сапымен бірге бақ сынап, алғашқы жарыс күні +95келі салмақ дәрежесінде 24 келі гір тасын көтеруден 70 ұпай жинап ІІ орын алса, келесі күні өткен жұлқа көтеруден 163 рет көтеріп ІІІ орынды иеленді.
Айбол аудан тарихында тұңғыш рет гір көтеруден "ҚР Спорт шеберлігіне үміткер" атағын орындады.
Берікбол ҚОНАРОВ