АЙБОЛ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

 2023 жылдың қыркүйек айының 7-12 күндері аралығында Өзбекстан мемлекеті Хиба қаласында гір тасын көтеруден ерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Аталған жарысқа әлемнің 25 елінен 650 спортшы қатысты.

Осы сынға «БАРЫС» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының Гандбол бөлімінің жаттықтырушысы Айбол Мұханбетов Қазақстан құрама сапымен бірге бақ сынап, аса ауыр +105 келі салмақ дәрежесінде 24 кг кір тасын 178 рет көтеріп әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды аудандық «БАРЫС» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521