Айбол облыстық чемпионаттан олжа салды

Жақында кір тасын көтеруден облыстық чемпионат өткен болатын.

Атырау қаласы мен аудандардан барлығы сегіз команда қатысқан жарыста жерлестеріміз де бақ сынады. Солардың ішінде аса ауыр салмақ дәрежесінде сынға түскен аққыстаулық Айбол Мұхамбетов үшінші орынға қол жеткізді. Бұрын да спорттың бұл түрінен елдік сайыстарда топқа түсіп жүрген Айбол бұл жолғы турнирдің ерекшелігі онлайн түрде өткендігінде екенін айтады.

«Сайыс елдегі карантиндік шектеу шараларына сәйкес онлайн түрде өтті. Соған қарамастан, жарысқа аудандардан, сондай-ақ облыс орталығынан командалар қатысып, барлығы да белсенділік танытып, барын салды» дейді Айбол.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT