Аймақтық сайыстан жеңімпаз атанды

28-29 шілде күндері Ақтөбе қаласында "Ұлы дала рухы" фестивалі аясында қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ секілді ұлттық спорт түрлерінен батыс аймақтары бойынша іріктеу сайыстары өтті.

Жарыс облыс құрамасы үшін сәтті басталды. Сайыстың алғашқы күндерінде қазақ күресінен сынға түскен Атырау облысы құрамасы жеңіске жетті. Бірінші айналымда Батыс Қазақстан облысы командасын 6:2, ал, екінші айналымда маңғыстаулық құраманы 7:1 есебімен ойсырата ұтқан облыс командасы құрамында Асхат Жұмабековтің шәкірттері, ел чемпионатының жүлдегерлері, талай байрақты бәсекелерде атой салып, аудан атын алысқа шығарып жүрген спортшыларымыз - Еркебұлан Қуанғалиев (55 келі), Ерасыл Жомартұлы (66 келіде), Расул Тәукен (90 келі) өнер көрсетіп, құрамаға жеңіс сыйлады. Енді балуандарымыз қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық жарыста, яғни, сайыстың ақтық кезеңінде бақ сынайтын болады. Онда біздің жігіттер қалған үш аймақ бойынша іріктеу кезеңінен іркілмей өткен жеңімпаз командалармен бақ сынап, кіл мықтыны анықтайтын болады. Палуандарымыздың аталған бәсекеден де байрақты оралуын тілейміз.

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521