Айымгүл – ел чемпионатының қола жүлдегері (ВИДЕО)

Қараша айының 12-14 күндері аралығында Петропавл қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Бұл жарыста қыздар арасында сынға түскен ауданымыздың мақтанышы Айымгүл Ғаділқызы (бапкері Асхат Жұмабеков) 52 келі салмақ дәрежесінде 4 кездесу өткізді. Қорытындыда қарындасымыз қола жүлдені қанжығаға байлап, қазақ күресінен спорт шебері нормативін орындады.

Естеріңізге сала кетейік, Айымгүл бұған дейін 48 келіде өнер көрсеткен болатын.

С.МҰРАТХАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT