Қыркүйек айының 24 жұлдызында 2 айға жуық исатайлықтардық ыстық ықласына бөленген Исатай футбол лигасы өз мәресіне жетті.
16 құрама қатысқан лиганың соңғы 15 туры көрермендердің көңілінен шыға білді. Ойынды бастаған «Барлаушы» құрамасы 8 :3 есебімен «Құлагер» құрамасынан басым түсті. Аққыстаулық «Лион» және қамысқалалық «Номад» құрамалары арасындағы ойын тартысты өтіп, 1 ғана доп айырмашылығымен «Лион» құрамасы жеңіске жетті. Есеп 5:4. Соңғы турларда құрамын күшейтіп, футбол жанкүйерлерін тамсандырған исатайлықтар «Қамысқала мешіті» құрамасынан 6:2 есебімен айласын асырды. Лиганың басты жаңалықтарының бірі «Нарын» құрамасы зинедендіктерге 4:7 есебімен есе жіберді. Өркендіктер «Жанбай» құрамасын, тұщықұдықтар «Аққыстау Сити» құрамасын жеңе білді. Екі ойынныңда қорытынды есебі 6:2. Бомбардирлердің кім екенін анықтаған аққыстаулық «Азат» пен «Қамысқала» құрамасының арасындағы ойын болды. Есеп 8:2, қамысқалалықтардың пайдасында. Чемпиондықты 14 турда-ақ шешіп қойған «Даллас» құрамасы, жерлестері «Барыс» құрамасына 2:5 есебімен жеңіліп, қарсыласын турнирде үздік жетіліктің қатарында көрінуге септігін тигізді.
Лига қорытындысы бойынша 37 ұпаймен Тұщықұдық құрамасы қола жүлдені місе тұтса, ұпайы тең, бірақ голдар саны бойынша тұщықұдықтардан алда болған «Қамысқала» құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Ал лигада қарсыластарынан оқ бойы озық болып, 38 ұпаймен чемпиондықты жеңіп алған «Даллас» құрамасына Исатай ауданы әкімі П.Хасановтың өзі арнайылап алтын медаль, кубок және 300 мың теңге сертификатты табыс етті.
Командалық жүлдеден бөлек арнайы номинациялар табыс етілді. Атап айтқанда: «Үздік қақпашы» Меңдіғалиев Нұрқанат, «Үздік қорғаушы» Қожасов Рабиль, «Үздік шабуылшы» Жетпісбаев Иса, «Үздік жас ойыншы» Лұқпанов Мейірбек, «Үздік ойыншы» Губайдуллин Медет, «Үздік капитан» Бисенбаев Айбол, «Үздік жанкүйер» Мырзашев Даурат, «Үздік фан клуб» Тұщықұдық фан клуб, «Көрермен көз айымы» Багитов Нұржан, Абдурахман Асылан, Чернов Шыңғыс, «Үзлік сұрмермен» Қабдолов Асылан, «Үздік легионер» Жолдасов Нұрғазы. Ойыншылар арнайы диплломдар мен статуеткаларға ие болды.