Ахан – «Ең үздік ойыншы»

Жақында Щучинск қаласында баскетболдан 2005-2006 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында көктемгі ҚР чемпионаты өтті.

Чемпионатқа еліміздің өзге өңірлерімен қоса облыс құрамасы да қатысып, бақ сынасты. Бес күнге созылған тартысты ойынның нәтижесінде өңір құрамасы топ жарып, чемпионаттың жеңімпазы атанды. Сондай-ақ құрама сапында өнер көрсететін аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі баскетбол бөлімінің түлегі, жерлесіміз Ахан Мұхажанов «Ең үздік ойыншы» аталымымен марапатталды.

275510437_1123923618366032_7403878334000684548_n

Облыстық құрама сапында өнер көрсетіп, ауданымыздың да абыройын асырып жүрген жерлесіміздің спорт әлемінде алар асуы, бағындырар биігі әлі алда деген сенімдеміз.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT