Алғашқы голдар бастап соғылды

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі.

Осыны басшылыққа алған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі аудан жастары арасында спорттық жарыстарды тұрақты түрде қолға алып келеді. Бүгін аталған бөлімнің мұрындық болуымен дәл қазір аудан орталығындағы стадион алаңында кіші аяқдоптан аудан біріншілігі өтуде. Жарысқа Зинеден, Исатай, Х.Ерғалиев, Тұщықұдық, Аққыстау, Жанбай ауылының жастарынан құралған 8 команда қатысуда. Оның ішінде Жанбай және Аққыстау ауылдарынан қос командадан қатысып жатқандығын да айта кеткен жөн.

img_4612

Қатысушыларға сәттілік тілеген аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сейітжан Бегисинов тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудан көлеміндегі спорттық жарыстардың жалғаса беретіндігін тілге тиек етті. Жасыл алаңда алдымен еліміздің Әнұраны шырқалып, алғашқы жолдастық кездесу Жанбай және Аққыстау ауылының командалары арасында басталды. Кездесудің екінші минутында-ақ жанбайлық Жандарбек Қалесов қарсылас команданың қақпасына алғашқы голды соқса, ойынның сегізінші минутында Эльдар Есмұханов екінші голды сәтті салды.

Айта кетейік, қос команда арасындағы кездесу жалғасуда. Сондай-ақ ауылдық округ жастары арасындағы аудан біріншілігі екі күнге созылады деп жоспарланған.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT