Әлішер - ҚР чемпионатының күміс жүлдегері

Жуырда Талдықорған қаласында жауынгерлік самбодан жастар арасында ҚР чемпионаты өтті.

Әр өңірдің кіл мықтылары ғана жиылып, өзара үздіктерді анықтаған байрақты бәсекеде исатайлық Әлішер Мағзом да бақ сынады. Облыс құрамасының сапында өнер көрсеткен жерлесіміз чемпионаттың нәтижесінде, күміс жүлдені еншілеп, өңірдің абыройын асқақтатты.

Жас балуан жайында қысқаша тоқтала кетсек. Әлішер спорттағы алғашқы қарым-қабілетін Исатай БЖСМ-де сынап, аталған мектептің самбо бөлімінде машықтанған.

f080dd5f-17c6-4f16-8944-7dc47e1f5d8a

Ең алғаш спорт мектебіне келген бала Әлішерді алғашқы жаттықтырушысы, қазіргі таңда Исатай БЖСМ директорының орынбасары Болатбек Сабиев бүгінде зор мақтанышпен айтады.

- «Болар бала жасынан» деген ғой. Әлішер жасынан спортқа өте жақын болды. Үйреткен әдіс-тәсілдерді де тез меңгеріп алатын. Онымен қоса, талмай жаттығатын, босаңсуды еш білмеді. «Талпынған жетер мұратқа» демекші, міне, ол бүгінде ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, - дейді жас балуанның алғашқы бапкері Болатбек Сабиев.

Айта кетейік, Әлішердің бір туған ағасы Руслан Әділхор да ересектер арасында осы жауынгерлік самбодан ҚР чемпионатының қола жүлдегері, қазіргі уақытта Исатай БЖСМ самбо бөлімінің тәжірибелі жаттықтырушысы.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз