АЛМАС ХИНЕКИН–БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 1-курс студенті, жастар арасында бокстан Қазақстан Республикасы Чемпионатының чемпионы болып ортасына олжалы оралған Хинекин Алмас Жұмабекұлын аталмыш спорт мектебі ұжымы құрметпен қарсы алды.

Алмаспен бірге құрметті қонақтар 2001 жылы Исатай ауданында бокстың негізін қалаған, халықаралық дәрежедегі үш жұлдызды IBA төрешісі, қазіргі таңда бокстан «Атырау облыстың мамандандырылған спорт клубы» КММ-нің директоры Чуншқалиев Асылбек Орынғалиұлы және Алмастың алғашқы бапкері Утегенов Аманғали Айтқалиұлы қазіргі кезде «Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп интернат колледжі» КММ бокс бөлімінің жаттықтырушысы-мұғалім де келген еді. Алғашқы болып сөз алған ардагер спортшы Роллан Ғалымұлы «Аудандық БЖСМ» бокс жаттықтырушыларымен Алмасты жеңісімен құттықтап, спорт мектебі атынан аудандық БЖСМ аты жазылған спорттық киім табыстады. Келесі сөз кезегі «Исатай аудандық БЖСМ» директоры Бурхан Ғалымұлы жеңістерімен құттықтап, Алмастан көп үміт күтетінін жеткізді, ол Асылбек Орынғалиұлына және Аманғали Айтқалиұлына, Хинекин Алмасқа 70 мың теңгеден ұжым атынан сертификатын табыстады. Исатай ауданының  белгілі термешісі Зұлхашев Дулат Еркінғалиұлы «Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі» атты әнді орындап, кеш ажарын айшықтады. Исатай аудан тарихында, Алмас Хинекин ауданда бокстан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағын қорғаған ең алғашқы боксшы. Бұл аудан үшін тарихи сәт Алмасты жеңісімен құттықтаймыз! 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521