Жақында Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Құрық ауылында қазақ күресінен 2004-2005-жылы туылған жасөспірімдер арасында «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Сәлімжан Әлиевті еске алуға арналған дәстүрлі IY республикалық турнир болып өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен балғын палуандар қатысқан аталмыш турнирде 180-ге жуық жас спортшылар бақ сынасып, солардың ішінде Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жүлдегерлер сапынан көрінді. Атап айтар болсақ, Аққыстау орта мектебінің оқушысы Аманқос Ұзақбаев 46 келі салмақта 2-орынды еншілеп, спорт шеберлігіне үміткер нормативін тағы да сәтті орындады. Ал жарыстың ең жас спортшысы және көрермен көзайымы бола алған Темір Марғұлан 32 келі салмақ дәреже-сінде жақсы белдесіп, арнайы жүлдемен марапатталды. Шәкірт-терге алдағы уақытта да мол жетістіктер тілейміз.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ