Анель қола медаль қанжығалады

Атырау қаласында дзюдо күресінен 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында «Жас диномашылар» республикалық ашық турнирі өтті. Сенбі күні басталған бұл додада еліміздің барлық өңірінен 150-ден астам дзюдошы бақ сынасты.

 Тартысты өткен турнирге «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті де қатысып, нәтижесінде Анель Серікқали 63 келіден жоғары салмақ арасында қола жүлдегер атанды. 

- Екі күнге созылған республикалық турнир жоғары деңгейде өтті. Кіл мықтының арасынан қола жүлдеге ие болған шәкіртім Анель спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындады. Бұған дейін де ол республикалық турнирлерден, шет мемлекеттер Ресей, Өзбекстан елінде өткен жарыстарда жүлде салып жүр. Қыркүйек айында ел біріншілігіне іріктеу өтеді, оған да дайындық қызу үстінде. Шәкірттім - болашағынан көп үміт күттіретін спортшылардың бірі. Сондықтан, оның әлі де жеңіс тұғырынан көрінетініне сенімдімін , -деді олжалы оралған, жас спортшының жаттықтырушысы Эльдар Сатанов.

 

Сағыныш ҚАЙЫР 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT