Ақарна – Универсиада жүлдегері

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Түркістан — түркі әлемінің рухани астанасы» атануы және ХҚТУ-дың 30 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының ХІ жазғы Универсиада ойындары өтті.

Жалынды жастар сынға түскен байрақты бәсекеде дзюдо күресінен жерлесіміз Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Ақарна Мұханбетова бақ сынап, жүлделі үшінші орынға ие болып, абыройымызды асқақтатып қайтты. Бұл туралы Ақарнаның жаттықтырушысы Аманжол Оралбековтен білдік.

Айта кетейік, ХІ жазғы Универсиада — 30 спорт түрінен 37 жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен мықтыларды біріктірген ауқымды спорттық-бұқаралық жоба. Онда еліміздің 25 университетінің студенттері өзара сайысқа түсті.Универсиада аясындағы жарыстар Нұр-сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай, Өскеменде өтті.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT