Аққыстаулық Абылайхан әлем чемпионы атанды

Сербия мемлекетінің Нови Сад қаласында самбо күресінен әлем чемпионаты өтуде.

Жаңа ғана әлемдік доданың ақтық сынында өнер көрсеткен Атырау облысы, Исатай ауданының жас палуаны Абылайхан Мейрамбекұлы молдовалық қарсыласын ұтып, жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Тағы бір сүйінші хабар, осы сында ересектер арасында бақ сынап жатқан жерлесіміз Еркебұлан Қуанғалиев те сәлден кейін ақтық бәсекеде ел намысын қорғайды. Еркебұланға да сәттілік тілейміз!

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT