Аққыстаулық Гүлжанар Универсиада медалін иеленді

Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде жоғары оқу орындары арасында ХІ жазғы Универсиада аясында баскетболшылар сынға түскен болатын.

Бұл додада Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері құрамасы сапында аталған оқу орнының 2 курс студенті, жерлесіміз Гүлжанар Мұстажапқызы өнер көрсетіп, қола медальға ие болды.

Гүлжанар - Аққыстау орта мектебінің түлегі, «Барыс» балалар жасөспірімдер-денешынықтыру даярлық клубының Ерлан Құрманғалиев жаттықтыратын баскетбол бөлімінде тәрбиеленген.

Абыройымызды асырып, студенттер арасындағы бәсекеде белсенді өнер көрсеткен спортшымыздың алар асуы әлі де алда.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT