Аққыстаулық стритболшы қыздар ел чемпионатынан олжа салды

Жақында Алматы қаласында стритболдан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Еліміздің әр түкпірінен кіл мықтылар қатысқан ел біріншілігінде Атырау облысының командалары да бақ сынады. Жас айырмашылықтарына қарай бөлінген құрамалар арасында ауданымыздың да жас спортшылары өнер көрсетті. Олардың ішінде 12 жастағы жасөспірім қыздар командасы мықтылықтарын дәлелдеп, ел біріншілігінің күміс жүлдесін иеленді.

Бұл құрама сапында жерлестеріміз Аққыстау орта мектебінің оқушылары, Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Айсәуле Хамидолла мен Айша Есенберді бар екенін айта кетейік. Жарыс жайында толық ақпарат беріп, жағымды жаңалығымен бөліскен команданың жаттықтырушысы, аудандық спорт мектебінің баскетбол бөлімінің бапкері Эльдар Тағатов былай дейді:

- Он команданың арасында 12 жасар қыздарымыз жоғары деңгейде өнер көрсетті. Нұр-Сұлтан құрамасына ғана есе жіберіп, екінші орынды еншіледік. Үшінші орын алматылықтарға бұйырды. Бұл біріншілікте аққыстаулық 14 жастағы қыздар командасы да барын салды. Азғана сәттілік жетіспеді демесеңіз, олар да жаман өнер көрсеткен жоқ. Жалпы облыс бойынша ерлерден 16 жастағылар үшінші, 23 жастағылар екінші, 14 жастағылар бірінші орынды қанжығалады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521