Қараша айының 27-де басталған Румынияның астанасы Бухарест қаласында армрестлингтен әлем біріншілігі және пара-армрестлингтен әлем чемпионатында жерлестеріміз жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
50-ге жуық мемлекеттен қол күресінің шеберлері қатысқан байрақты бәсекеге ауданымыздың 3 спортшысы өнер көрсетіп, барлығы да жүлделі орынға қол жеткізді.
Атап айтар болсақ, ардагерлер арасында 80 келі салмақ дәрежесінде мықтылық танытқан Алмагүл Қанатова күміс жүлде иеленсе, балуанға оң-солы бір дегендей, пара-армрестлингтен 70 келі салмақта өнер көрсеткен Әсия Нәбиева оң және сол қолдан да күміс жүлде иеленді. Сондай-ақ пара-армрестлингтен ерлер арасында өнер көрсеткен Аслан Қайрушев 90 келі салмақта оң қолдан қола жүлдені қанжығаға байлады.
Спортшыларымыздың бапкері Роллан Қадыржанов пен Өтеген Тілеповтердің айтуынша, жерлестеріміз тек ауданның ғана емес, ел мерейін үстем қылды.
Айта кетейік, жарыс әлі де жалғасуда.
Әділбек СЫРЫМОВ