Асаубаева – Азияның үздік шахматшысы

Жылдам шахматтан (блиц) былтырғы әлем чемпионы Бибісара Асаубаева 2021 жылдың қорытындысы бойынша Азияның ең үздік шахматшысы атанды.

Оған бұл марапатты Үндістанда өтіп жатқан шахматшылардың 44-ші олимпиа­дасы барысында 15-ші әлем чемпионы Вишванатан Ананд табыстады. Осылайша, жерлесіміз бір жыл ішінде әлем чемпионы және әйелдер арасындағы Азияның 2021 жылғы үздік шахматшысы деген атаққа ие болды.

Қазіргі таңда жерлестеріміз Үндістандағы дүниежүзілік шахмат олимпиадасында сәтті өнер көрсетуде. Қазақстанның қыздар құрамасы ең кейінгі кездесуін Словакиямен өткізіп, 3,5-0,5 есебімен жеңіске жетті. Жерлестерімізден Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және Гүлісхан Нахбаева жеңіске жетсе, Ксения Балабаева тең ойнады.

Ал Қазақстанның ерлер құрамасы сегізінші турда Әзербайжан шахматшыларымен шеберлік байқасып, бір ұпай айырмашылығымен жеңіліп қалды. Бұл кездесуде Әлішер Сүлейменов қарсыласынан басым түскен болса, Ринат Жұмабаев тең түсті. Ал Арыстанбек Оразаев пен Қазыбек Нөгербек жеңіске жете алмады. Отандастарымыз алдыңғы турда Испанияны (2,5-1,5) женген болатын.

egemen.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521