Атырау облысы спортына былтыр 6,1 миллиард теңге бөлінген

Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимовтің сөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облыстық мәслихатының 46 сессиясында баяндама жасаған Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов спортпен шұғылданушылар саны өскенін мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, аймақтағы бұқаралық спорттың дамуына облыста салынып жатқан спорт кешендерінің септігі тиген.

«Бұқаралық спортты дамытудың алғашқы сатысы – балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту. Осы мақсатта облыс бойынша 17 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Оның бесеуі қалада, 12-сі ауылдық жерлерде қызмет көрсетеді. Онда спорттың 25 түрі бойынша 14006 бала шұғылдануда. Спорт саласында 1787 қызметкер еңбек етеді», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов. Оның айтуынша, олимпиадалық резервте өңірде 158, ал жоғары спорт мектебінде 103 спортшы жаттығады. Өткен жылы ұлттық спорт пен бұқаралық спортты бірлестікте дамыту бағытында аймақта 1500 іс-шара ұйымдастырылған болса, биылғы пандемия жағдайындағы жарты жылдық қорытынды нәтижесінде 250 іс-шара өткізілген.

Айта кетейік, ҚР ұлттық құрамасына Атырау облысы бойынша биылғы жылы 361 спортшы еніп отыр. 2019 жылы спорт саласын дамытуға облыстық бюджеттен бөлінген 6,1 миллиард теңге толықтай игерілді.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика