Атырау волейболшылары «Суперкубокке» жолдама алды

"28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында волейболдан ерлер арасындағы ҚР 27-ші Кубогі өтті" деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Атырау" клубы тартысты ойында екінші орын иеленді. Волейболшыларымыз жарыстың ширек финалында петропавлдық "Есіл СК" командасын 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда дәл солай "Ұшқын-Көкшетау" командасын тізе бүктірді.

Ал, финалдық матчта атыраулықтар Алматы қаласының «Буревестник» командасынан 3:0 есебімен ұтылды. Маңғыстау облысының "Маңғыстау" командасы үздік үштікті қорытындылады.

- Қазіргі таңда біздің команда алда өтетін "Суперкубок" ойынына қызу дайындалуда. Осы ойында ҚР кубогінде көрсеткен нәтижеден асып түсуге ниеттіміз, - дейді "Атырау» волейбол клубының директоры Амандық Ғарифолла. Айта кетейік, 17-21 қазан аралығында Талдықорған қаласында "Суперкубок" ойыны өтеді. Ойында Қазақстан кубогінде үздік төрттік қатарынан көрінген "Буревестник", "Атырау", "Маңғыстау", "Ұшқын-Көкшетау" командалары өзара бәсекеге түседі.

"Суперкубок" иеленген команда 2020 жылдың сәуір айында өтетін волейболдан клубтық Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521