Атырауда «Atyrau Chess Festival» турнирінің ашылу салтанаты өтті

Турнирдің ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Атырауда алғаш рет халықаралық шахмат фестивалін ұйымдастырған халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасоваға құттықтау хат жолдады.

299728843_5446545785398966_6072164369320195943_n

Өңір басшысы Серік Шәпкенов халықаралық шахмат фестиваліне қатысушыларға сәттілік тілеп, Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыстады.

«Atyrau Chess Festival 2022» турнирінің ұйымдастырушылары мен қатысушылары

Құрметті достар!

​Сіздерді Халықаралық шахмат фестивалінің ашылуымен құттықтаймын!

​Бұл – еліміздің спорт саласындағы айтулы оқиға.

​Қазақстанда шахматқа деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Осы спорт түрінің өркендеуіне мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда.

Халықаралық турнирлерде ел намысын лайықты қорғап жүрген шахматшыларымыз аз емес. Спортшыларымыздың жуырда Үндістанда өткен шахмат олимпиадасындағы жетістіктері – соның айқын дәлелі.

​Көптеген халықаралық спорт шеберлері қатысатын «Atyrau Chess Festival 2022» додасы шахмат өнерін одан әрі дамытуға үлес қосады деп сенемін!

​Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін,- делінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған құттықтау хатта.

299661588_5446545798732298_2070895644207752984_n

299795216_5446545778732300_8697826805495553829_n

Фестивальді 2019 жылы әйелдер арасындағы классикалық шахматтан Азия чемпионы Динара Сәдуақасова негізін қалаған Шахмат академиясы ұйымдастырып отыр.

Айта кетейік, өңірде шахмат спорты спорт мектептерінде ресми 1984 жылы ашылды. Бүгінде облыс бойынша шахмат спортымен 18 355 адам, оның ішінде 11 330 адам ауылдық жерде шұғылданады.

«Atyrau Chess Festival» турнирін http://atyrauchessfestival.kz/shedule сайтынан бақылай аласыздар.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521