Атырауда халықаралық шахмат фестивалі өтеді

Осы жылдың 15-24 тамыз аралығында Атырау қаласында «Atyrau Chess Festival 2022» атты алғашқы халықаралық шахмат фестивалі өтеді. 

Фестивальді көрнекті қазақстандық спортшы, әлем чемпионаттарының жеңімпазы Динара Сәдуақасова негізін қалаған Шахмат академиясы ұйымдастырып отыр.  Жарыстың жүлде қоры 13 миллион теңгеден асады.

Жарысқа 300-ге жуық шахмат жанкүйерлері қатысады. 260 қатысушы тіркелді, оның ішінде 9 елдің танымал халықаралық гроссмейстерлері мен халықаралық шеберлері - Қазақстаннан басқа АҚШ, Нидерланды, Литва, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь және Ресей ойыншылары бар.

Фестивальдің ресми ашылуы 16 тамызға жоспарланған.  Бағдарламада үш негізгі турнир жарияланған - «Atyrau Open», «Atyrau Juniors» және «Atyrau Blitz».  Олардың әрқайсысының нәтижелері әйгілі швейцариялық жүйе бойынша бағаланады және ойындарды онлайн режимде www.chess.com, www.chess24.com, www.nxt.chessbomb.com сайттары мен фестивальдің www.atyrauchessfestival.kz  ресми сайтынан көруге болады.

Сонымен қатар шеберлік сабақтар мен бір мезгілде өтетін ойын сеансы күтілуде. Фестиваль аясында төрешілер емтиханды сәтті тапсырып, FIDE төрешісі атағын ала алатын халықаралық арбитрлердің алғашқы семинары өткізіледі.

«Біздің фестивальдің мақсаты – Қазақстанда шахматтың спорт түрі ретінде жан-жақты дамуына үлес қосу.  Турнир түрлі елдер мен жас өкілдерінің басын қосатын елеулі оқиға болады деп үміттенеміз.  Шара аясында әрбір шахмат жанкүйері өзінің күшін «шайқас алаңында» тәжірибе жүзінде сынап көре алады. Фестивальдің барлық қатысушыларына тек сәттілік пен жеңіс тілеймін», деді фестивальдің ұйымдастырушысы, бірнеше дүркін әлем чемпионы, сондай-ақ 2019 жылы әйелдер арасындағы классикалық шахматтан Азия чемпионатын жеңіп алған тұңғыш қазақстандық Динара Сәдуақасова.

Жалпы кепілдендірілген жүлде қоры 13 257 500 теңгені құрайды. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521