Атырауда полиция аға лейтенанты «Полиция барысы» атанды

Еліміздің батыс аумағында тойланатын «Көрісу» мерекесіне орай Полиция департаментінің ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында өткен сайыста қазақша күрестен полиция аға лейтенанты Аманбек Аруов қарсыластарына боз кілемде дес бермей, «Полиция барысы» атағын иемденді.

Спорт пен қызметті қатар алып жүрген Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Аманбек Аруов ішкі істер органдарында 5 жылға жуық қызмет етеді. «Полиция барысы» атанған полиция аға лейтенанты бұған дейін де самбо күресінен спорт шебері, белбеу күресінен Қазақстан чемпионы атанып үлгерген. Спортшы - полицейге Департамент басшылығы халықаралық жарыстарға да қатысуға мүмкіндік жасап келеді.

«Полиция барысы» сайысында ішкі істер органдарынан барлығы 11 команда қатысып, 100-ге жуық қызметкер күштерін сынады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта полиция департаментінде халықаралық дәрежедегі 7 чемпион қызмет етеді, оның ішінде Департамент бастығы полиция полковнигі Аян Дүйсембаевтың өзі де бар.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика