«Атыраудың» гаитилік футболшыны сатып алғаны - жалған ақпарат

Жергілікті сайттардың бірінде жарық көрген «Атырау» футбол клубы 200 мың еуроға ойыншы сатып алды» деген ақпарат жалған» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Расында да «Атырау» сапына Гаити құрама командасының ойыншысы қосылды. Кристиан Алекс Джуниор командаға еркін агент ретінде келді. Яғни, ақысыз. «Атырау» футбол клубы бұл трансфер үшін қаражат шығындаған жоқ» деді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.

Еске сала кетелік, 27 жасар қорғаушы бұған дейін «Арарат – Армения» командасының сапында өнер көрсетіп, екі жыл қатарынан Армения чемпионы атанған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521