АТЫРАУЛЫҚ СПОРТШЫ ЕКІ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Португалия, Албуфейра қаласында кикбоксингтен Әлем чемпионаты өтті.

72 мемлекеттен 573 спортшы қатыстықан Әлем чемпионатында Нұрсұлтан Жұмабаев 51 келі салмақта к-1 бөлімінен Әлем чемпионы атанды.

Естеріңізге сала кетсек, Нұрсұлтан Жұмабаев бұған дейін 2021 жылы Италияда өткен Әлем чемпионатында да чемпион атанған болатын. Аталған Әлем чемпионатында жерлесіміз Гүлбану Саматова 70 келі салмақта фулль-контак бөлімінен 3 орынды жеңіп алып үздіктер қатынан көрінді. Спортшыларды жарысқа дайындаған Атырау облысының кикбоксингтен облыс аға жаттықтырушысы Ержан Базаршаев. Барлық спортшылар мен жаттықтырушыларды жеңістерімен құттықтаймыз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521