Атыраулық құсбегілер «Ақ бидай» ойындарында күміс жүлдегер атанды

10-20 қазан күндері Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толу мерейтойына орай өткен «Ақ бидай» VII Республикалық ауыл спорты ойындарында Атырау облысының ұлттық спорт түрі «Құсбегіліктен» құрамасы командалық есепте ІІ орынға ие болды.

Құсбегіліктен Атырау облысы құрамасы атынан жерлестеріміз Кушкаров Арман және Абдулкаримұлы Сармат қатысқан болатын. Абдулкаримұлы Сармат «Ителгілер арасындағы құсбегілік» жарысында І орынды иеленсе, «Бүркіттер арасындағы құсбегілік» жарысында ақтық сайысқа шығып, уақыт көрсеткіші бойынша ІІІ орынды иеленді. Кушкаров Арман болса «Қаршығалар арасындағы құсбегіліктен» IV орынды иеленді. Бұл жетістігі арқылы жерлесіміз Абдулкаримұлы Сармат Құсбегіліктен «Спорт шебері» нормативін орындады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521