Атыраулық спортшы Нұрлан Домбаев "Токио-2020" ойындарында бақ сынамақ

Атыраулық Нұрлан Домбаев "Алтын Самғау - 2019" спорттық сыйлығында "Ең үздік параолимпиадалық спортшы" атанды.

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің фейсбук парақшасында жарияланды.

Параспортшы биылғы ақпан айында Түркияда өткен әлем біріншілігінің алтын алқасын жеңіп алды. Осылайша, паратаэквондодан екі дүркін әлем чемпионы атанған ол шілдеде Иорданияда өткен біріншілікте - Азия чемпионы, қарашада Италияда болған турнирде - Еуропа чемпионы болды.

 nurlan-dom

Нұрлан 2019 жылы өткен байрақты бәсекелердің бәрінде Көк байрағымызды көкте желбіретіп, Әнұранымызды шырқатты. Паратаэквондоға 2014 жылы келсе де, бүгінде, ол 75 келі салмақта қарсылас шақ келтірмей, паратаэквондашылардың әлемдік рейтингінде көш бастап тұр. Ендігі мақсат - келер жылы Жапонияда өтетін Паралимпиада ойындарында үздік танылу.

nur-domb

- Бала кезімнен спортқа жақын едім. Футбол, баскетбол, одан қалса каратэ, таэквандо сияқты шығыс жекпе-жектерін жақсы көретінмін. Екі қолымнан айырылғаннан кейін паратаэквондоға қатысу туралы ойлай бастадым. 2016 жылы жарыстарға шығып, сол жылы-ақ Еуропа чемпионы атандым. Мен спорттан өз жолымды таптым деп ойлаймын. Спортқа келгелі достарымның да қатары көбейді. Жалпы, қай спортшының да арманы - Олимпиада чемпионы атану. Сол арманыма жетемін деген ниеттемін, - дейді Нұрлан Домбаев.

Айта кетейік, 38 жастағы Нұрлан Домбаев - екі дүркін әлем, екі дүркін Азия және екі дүркін Еуропа чемпионы атанған алғашқы атыраулық спортшы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521