Қараша айының 23-25 күндері аралығында 1-10 сынып оқушылары арасында «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен спорттық-интеллектуалды эстафета ойындарының облыстық кезеңі өтті.
Аталған сайысқа қала және аудандардан барлығы 9 команда қатысып, өзара үздіктерді анықтады. Оның ішінде Аққыстау орта мектебінің оқушыларынан құралған аудан командасы да бар болатын. Эстафета ойындарының нәтижесінде, оқ бойы оза шапқан аудан командасы облыстық кезеңнің жеңімпазы атанып, аудан абыройын асқақтатты.
Айта кетейік, ауданымыздың жеңімпаз командасы мамыр айында өтетін республикалық кезеңге қатысып, облыстың намысын қорғайтын болады.
Әділбек СЫРЫМОВ