Аудандағы ашық біріншілік алыс-жақыннан боксшыларды жинады

Наурыздың 1-3 күндері өткізілген бокстан 2004-2005, 2006-2007 және 2008-2009 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасындағы Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өз дәрежесінде өтті.

Аудан орталығындағы дене шынықтыру-спорт кешенінде ұйымдастырылған бәсекенің ашылуында Ақтөбе облысынан, Атырау қаласы мен Мақат, Құрманғазы, Индер, Махамбет аудандарынан келген 250-ге жуық қатысушыны аудандық мәслихат хатшысы Н.Мұханбеталиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ахметжанова құттықтап, сәттіліктер тіледі. Сондай-ақ белгілі кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты А.Аманбаев құрметті қонақ ретінде қатысты.

Он бес салмақ дәрежесі бойынша өткен сында бірінші, екінші, үшінші орындар үшін болған тайталаста 130 қатысушы жүлделі орындардан көрінді. Олардың арасында өзіміздің 31 жерлесіміз де бары мақтаныш. Наурыздың 3-і күні ашық біріншіліктің жабылу рәсімі болып, жеңімпаз балғын былғары қолғап шеберлеріне жүлдері салтанатты түрде табыс етілді.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521