Ауыл жастары арасында кіші аяқ доптан турнир өтті

Бүгін Тұщықұдық ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Тұщықұдық ауыл жастары арасында кіші аяқ доптан турнир өткізілді.

Ауыл жастарын спортқа бейімдеп, уақыттарын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген турнирге 4 команда қатысып, үздіктер анықталды. Аталған ауылда спорттың бұл түріне деген қызығушылық басым екендігін айта кеткен жөн. Әсіресе, ауыл жастары көптеген аудандық, облыстық жарыстарда топ жарып жүр. Бұл жолы да ерекше ойын өрнегімен көзге түскен командалар жарыс көркін қыздырды.

Жарыстың қорытындысы бойынша «Жасыл ел» еңбек жасағының жастарынан құралған «Жасыл ел» командасы алғыс хатпен марапатталса, ІІІ орын 1998 жылғы жастардан құралған «Жастар» командасына бұйырды. Ал ІІ орынды 1999 жылғы жастардан құралған «Жас қыран» тобы жеңіп алды. Жарыстың жүлделі І орнын «Жас түлек» атты 2000 жылы туған жастар командасы қанжығаға байлады.

Жеке шеберлігімен көзге түскен ойыншылар да марапатсыз қалмады. Олардың ішінде А.Жұмақанов «Үздік қорғаушы», А.Жоламанов «Үздік шабуылшы», Н.Жоламанов «Үздік ойыншы» атанды.

Турнирге қатысушыларға орталық басшысы Г.Талғатқызы алғысын білдіріп, орталық атынан диплом, кубог, медалдар табысталып, үздіктерге сыйлықтар берілді.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика