Ауылдық округтер құрамасы – алдыңғы қатарда

1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай аудан әкімдігіне қарасты мекемелер қызметкерлері арасында волейбол, кіші аяқдоп, қол күресі, арқан тарту секілді спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Шараның ашылуында сөз алған аудан әкімі Марат Мурзиев пен аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев жиылған көпшілікті мерекемен құттықтап, сайысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Тұңғыш Президент күні құрметіне және бұқаралық спортты дамыту, мекеме қызметкерлерінің өзара достық қарым-қатынастарын нығайтуға негізделген спорттық сайыста мемлекеттік қызметшілер белсенділік танытты.

Төрт команда қатысқан жарыста ауылдық округтер құрамасы өзгелерден оқ бойы озық келді. Кіші аяқдоп, волейбол, кір тасын көтеруден алдына қара салмаған команда арқан тартыстан ғана екінші орынды иеленді. Дегенмен, олар жалпы командалық есепте жеңімпаз атанды. Ал, екінші орын аудандық әкім аппараты командасына бұйырды. Аудандық дербес бөлімдер құрамасы үздік үштікті қорытындылады.

Серікбол Панабердиев

Суретті түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521