Аягөз - Астанадан «Алтынмен» оралды

Қазан айының алғашқы күндері Астана қаласында 2011-2014 жылдары туған жасөспірімдер, яғни 8-11 жастағы ұлдар мен қыздар арасында таэквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталмыш жарысқа еліміздің түкпір-түкіпірінен 2500-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады.

Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінінен байрақты бәсекеге Аягөз Серік пен Амир Зейнолла қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Аягөз Серік топ жарып, жүлделі І орынды иеленіп, алтыннан алқа тағынып, аудан мерейін асқақтатты.

ayagoz

-Жарыс өте тартысты, әрі жоғары деңгейде өтті. Қарсыластардың бәрі де жақсы дайындықпен келген, өз ісінің шеберлері. Бұл біздің аудан бойынша таэквондодан Қазақстан Республикасы чемпионатынан иеленіп отырған алғашқы алтын алқа.  Аудан, облыс мәртебесін асқақтатар жеңісті күндеріміз көп болсын,-дейді Аягөздің жаттықтырушысы Айбол Жолдасов.

                                                                Жайна Мәлімқожа

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз