АЯГӨЗ ТАЭКВОНДОДАН ТАҒЫ ДА ТОПЖАРДЫ

Екі күнге созылған Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде Сұлтан Бейбарыс бабамыздың 800 жылдығына орай таеквондодан (WT) республикалық ашық турнир өтті. Бұл ашық турнирге Қазақстан Республикасының әр түкпірінен, яки қалаларынан 700-дей жас спортшы қатысты.


Аталған бұл спорт түріне  өткен жылы жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионы атанған Аяғөз Серік күні кеше өткен республикалық ашық турнирдің 1-орын жүлдегері атанды. Шәкірттінің биік белестерді бағындыруына жаттықтырушысы, аудандық білім бөлімінің дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық әдіскері Айбол Жолдасовтың еңбегі де зор.
-Аяғөз шәкірттерім ішіндегі ең пысық, алғыр қыз.Қандай жарыс додасына барса да, үнемі олжалы оралады.Ал бұл жолғы ашық турнирде бірінші кездесуде Түркістанның жас спортшы қызымен шыққан еді.Оның бойы ұзын әрі тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұрды.Әйтсе де, біздің Аяғөз өзінің ұтқыр айла-тәсілімен жеңе білді.Екінші кездесуде өзі шамалас Ақтаудың қызын, үшінші кездесуде Алматының қызын айрықша басымдылықпен ұтты.Одан соң, финалда Атырау қызымен белдесіп, екі жас спортшы да оңайлықпен беріспей, санаулы секунт ішінде шәкіртім басым айқындылықпен жеңіп кетті,- деп жаттықтырушы қуанышымен бөлісті.
Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521