Қазақстандық спортшы Елена Потапенко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-ші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осылайша ол келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Соңғы кезеңге дейін Елена Потапенко жалпы есепте 8-ші орынға ие болды, бірақ мылтық атуда сәтті өнер көрсетіп, алғашқы бестіктен орын алды. Қазақстандық спортшының қорытынды нәтижесі-1340 балл.
«Мен осыған дейін айтқанымдай, Азиадаға қатысудың бір мақсаты-Париж Олимпиадасына лицензия алу. Біздің спортшылар 8 спорт түрінен Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін күресіп жатыр. Елена Потапенконы бүгінгі нәтижемен құттықтаймын және оған Парижде сәттілік тілеймін», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Фото: ТСМ