Бұқарамен жұмыс басты назарда

Жыл ішінде дене шынықтыру және спортпен айналысушы ауылдастар қатары алты мыңға жуықтаған екен.

Жалпы бұқаралық спортпен шұғылданушылар 30 пайыздан кем болмауы керек дегенді айтады сала мамандары. Олардың пікірінше, жыл ішінде жаңа спорт кешенінің пайдалануға берілуі және күні кеше Аққыстау ауылынан спорттық ойын алаңының ашылуы, ауылдарда да осындай алаңдар жасақталуы спортпен шұғылданушылар санының артуына, әсіресе, жастарды көбірек тартуға септігін тигізбек.

Ауданда 18 спорт шеберлігіне үміткер бар, ҚР спорт шебері - 2 адам. Исатай БЖСМ-нің шәкірті Айымгүл Махуова Самбо күресінен жастар арасында Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, ал ҚР спорт шебері Еркебұлан Қуанғалиев самбо күресінен ересектер арасында Әлем кубогінің күміс жүлдегері болды. Медет Сүпіғалиев пен Гүлден Сүпіғалиева мүгедек жандар арасында өткен Азия біріншілігінде күміс жүлдегер атанса, Әлем біріншілігінде үздік бестікке кірді.

Жергілікті спортшылар бақ сынаған жарыстар саны 49-ды құрап, аудан бойынша 26 дене шынықтыру-сауықтыру спорттық бұқаралық шаралары ұйымдастырылған, оның ішінде ауданның құрметті азаматы Б.Ғұбайдуллинді еске алуға арналған турнирге 5 мемлекеттен спортшылар қатысты.

Ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып, биылдан бастап ұйымдастырылған «Ауыл күні» шараларында және түрлі мерекелерде бұқаралық көпшілік спорттық жарыстар өткізілді, 4 ауылдық округ әкімі аппаратына дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы мамандары келісім-шартпен жұмысқа қабылданып, халықтың денсаулығын нығайту мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуде нәтижелі еңбек еткен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521