Бөлім мақтанышы бірінші орын иеленді

Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін VI халық спорты ойындарына облыстық іріктеу жарысы өткен болатын.

Аталған сында кір көтеруден 68 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 1 орынды жеңіп алған Исатай аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау аға сержанты Нұрғали Шахуов ауданымыздың, сондай-ақ, №6 өрт сөндіру бөлімінің абыройын асқақтатты. Бұған дейін де талай спорттық бәсекелерден оза шауып жүрген ұжымдасымыздың алда да талай биіктерді бағындырарына сенімдіміз.

Ролан МУТИЕВ,

аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің бастығы м.а а.қ капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521