Бұрхан – Қазақстан чемпионы

Талдықорған қаласында ардагерлер арасында «Арландар айқасы» атты қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Аталған додада Атырау облысының құрамында Исатай ауданы, Аққыстау ауылы Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Оралбеков Бұрхан Ғалымұлы 80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын. Байрақты бəсекеде қарсыластарының қай-қайсысын да ойсырата ұтқан жерлесіміз жеңіс тұғырына көтеріліп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Облысымыздың намысын қорғап, абыройымызды асқақтатқан ол енді Азия, алем чемпионаттарында бақ сынайтын болады.

- Үш кездесу өткіздім, бəрі де ойдағыдай, сәтті аяқталды, - дейді чемпион.

Еске сала кетейік, Бұрхан Оралбеков 2016 жылы өткен ардагерлер спартакиадасында қазақ күресінен қола жүлдені қанжығалап қайтқан еді. Араға екі жыл салып, елдік додада топ жарған палуан əлі де бабында екендігін байқатып отыр. Ардагер спортшының алдағы чемпионаттарда да Қазақстанның көк байрағын көкте желбіретіп, жеңіспен оралуын тілейміз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521