Бабы келіскендердің бағы жанды

Бүгін Исатай ауданында самбо күресінен 2006-2007 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Атырау облысының іріктеу біріншілігі өтті.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен, Исатай ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен жарысқа қала және аудандардан 100-ге жуық палуандар қатысып, өзара бақ сынады. Оның ішінде бозкілем төрінде ұлдар 10 салмақ көрсеткіші бойынша сынға түссе, қыздар 6 салмақ дәрежесінде кездесулер өткізді.

i

Доданың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан ауданымызға ат басын бұрған қонақтарға «қош келдіңіздер» айтып, жас палуандарға сәттілік тіледі. Бұдаң соң еліміздің әнұраны шырқалып, алғашқы белдесулер бастау алды.

i

Таңертеңгісін басталып, күн ауғанша жалғасқан біріншіліктің нәтижесінде Исатай ауданы спортшыларының қанжығасы майланды деуге әбден болады. Мәселен, ұлдар арасында қарсылас шақ келтірмеген 46 келі салмақта Абзал Айбек, 64 келіде Дамир Серікболатұлы, 71 келіде Нұрасыл Болатұлы, 79 келіде Олжас Сапарғали, +88 келіде Досмұхан Қуаныш және қыздар арасында 44 келіде Камила Қайрат, 65 келіде Перизат Байтемір, +72 келіде Нұрзила Қадыр біріншіліктің жеңімпазы атанды.

i

Сондай-ақ ұлдар арасында 64 келіде Арсен Уәлижан және қыздар арасында 44 келіде Аманай Сиғуатқызы, 54 келіде Мейрамгүл Сапарғалиқызы ІІ орынға табан тіресе, ұлдар арасында 53 келіде Нұртөре Жұмабек, Мұхаммедәли Қадіржан, 64 келіде Шыңғыс Самат, Ахат Амангелді сынды спортшыларымызға ІІІ орын бұйырды.

i

- Бүгінгі кездесуге барлық салмақ дәрежесіндегі палуандар тыңғылықты дайындықпен келген. Шеберліктерін ортаға салып, өз бабында екендіктерін көрсетті. Қай белдесу болмасын тартысты, есте қаларлықтай өтті. Менің қарсыластарымның да ішінде осалы жоқ. «Үйренген жау атыспаққа жақсы» демекші бұрын белдескен палуандар да болды. Дегенмен жарыс өте тартысты өтті. Еңбек ақталды, - деді 46 келі салмақ дәрежесінде жарыстың жеңімпазы атанған исатайлық Абзал есімді палуан.

img_5706

Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаз және жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан марапаттар мен медальдар табысталды.

i

Айта кетейік, бүгінгі іріктеу біріншілігінде І, ІІ орындарды иеленген аудан спортшылары маусым айында Ақтау қаласына өтетін ҚР чемпионатында облыс құрамасының сапында бақ сынайтын болады.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521