«Бәрі Алланың қалауы». Исатайлық параспортшылар тағы да жеңіске жетті

Кеше Атырау қаласында көру, есту қабілеттері төмен, тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында армрестлингтен облыс чемпионаты өткен болатын.

Аталған бәсекеде Исатай БЖСМ қызметкері Өтеген Тілепов баптап апарған ауданымыздың параспортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, қарсылас шақ келтірмеген халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің жүлдегері аққыстаулық Медет Сұпығалиев пен қамысқалалық Әсия Набиева облыс чемпиондары атанса, Медеттің әпкесі, Азия жүлдегері Гүлден Сұпығалиева екінші орын иеленді.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Медет пен Гүлден бұл спорт түрінен ауданымыздың атын алысқа шығарып жүр. Ал, Әсияның бұл - алғашқы қадамы. Жеңімпаздарды енді, Алла қаласа, ел біріншілігі күтіп тұр.

- Жарыстардан орын алып жүргеніміз бірінші - Алланың қалауы. Содан кейін, әрине, әке-шешеміз, аға-жеңге, ағайын-туыс, дос-жарандардың ниет-тілегі, сенімінің арқасы деп ойлаймын.

sup-para

Жарысқа түскен кезде бізде бір ғана мақсат болады. Ол - сенім артып алып барған жатықтырушының үмітін ақтау, өзіңе жүктелген міндетті орындап, өз ауданыңның намысы, қазақ елінің абыройын қорғап шығу. Осыны ойлайсың, сосын жеңіске жеткенде бір еркін тыныс аласың. Жеңіске жету үшін шаршайсың, шалдығасың, бәрі аяқталып, еліміздің көк Туын көкке көтеріп, Әнұранын ойнатқан кезде барлық шаршауың сап басылады, - дейді халықаралық дәрежедегі спорт шебері Медет Сұпығалиев.

Ел чемпионаты Алматы қаласында наурыз айының 20-сы күні өтеді. Медеттің сөзіне сүйенсек, ар жағында Азия чемпионаты да алыс емес сықылды.

Ендеше чемпиондарымызға сәттілік серік болсын!

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521