«Барыс» біріншілігінде жанбайлықтар топ жарды

Өткен жұмада Тұщықұдық ауылындағы мәдениет үйінде ауданның 90 жылдығына және 1 - мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған дзюдо күресінен 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының аудандық ашық біріншілігі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында Тұщықұдық ауылының әкімі Мәди ¬Өтеғалиев пен «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру-даярлық клубының директоры Асхат Жұмабекұлы сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа Атырау қаласы, сондай-ақ, Аққыстау, Исатай, Жанбай, Тұщықұдық ауылдарының командалары қатысып, барлығы 150 -ге тарта спортшы бақтарын сынады. Нәтижесінде командалық есепте Атырау қаласы бірінші орынды иеленсе, Жанбай ауылы командасы екінші орынды еншіледі. Ал, Тұщықұдық ауылының балғын палуандары үшінші орынды қанағат тұтты. Жарыста үздік өнер көрсеткен жас спортшылар да құрметке бөленді. Атап айтар болсақ, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы бойынша – исатайлық Тағаберген Мұхаммедясин марапатталса, «Үздік техникасы үшін» аталымы – Тұщықұдық ауылының палуаны Сәбит Оразымбетке бұйырды. Ал, «Ең қысқа уақытта жеңіске жеткені үшін» номинациясына – қалалық спортшы Ерасыл Қазиев қол жеткізді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521