Астанада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері хоккей клубы мен елдегі Конституциялық реформаларды қолдау мақсатында қоғамдық акцияға қатысты. Іс-шарада көлемі 12×24 метр болатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы жайылды.
🇰🇿 Сонымен қатар азаматтық ынтымақтастық пен жаңару бағытында адалдықтың белгісі ретінде «Жаңа Конституция үшін» деген жазуы бар байрақ ашылды.
Акция қоғамдық диалогтың маңызын, стратегиялық өзгерістер төңірегінде азаматтардың топтасуын, сондай-ақ жауапкершілік пен бірлік сияқты құндылықтарды дамытудың өзектілігін көрсетті.
Іс-шара барысында жанкүйерлер, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары бір арнаға тоғысып, өзара қолдау мен ынтымақты, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге деген айрықша құрмет көрсетті.



