«БАРЫС» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ЖАС СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде Сұлтан Бейбарыс бабамыздың 800 жылдығына орай таеквондодан (WT) республикалық ашық турнир өтті. Аталмыш ашық турнирге Ресей, Қырғызстан мемлекеттері және еліміздің  әр түкпірінен 700-дей жас спортшы қатысты. Додаға Исатай аудандық «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірттері де сынға түсіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. 


Атап айтсақ, Өркен орта мектебінің оқушылары  Мәдина Құрмет, Жанерке Оралбекқызы мен Гүлсәулем Серікқызы жүлделі ІІ-орынға ие болса, Өркен орта мектебінің оқушысы Кәусар Есенғали мен  Аққыстау орта мектебінің оқушысы Қайсар Қайса ІІІ- орынды еншіледі. 

–Жарыс өте тартысты, әрі жоғары деңгейде өтті. Қарсыластардың бәрі де жақсы дайындықпен келген, өз ісінің шеберлері. Кішкентай шәкірттерімнің тырнақалды жеңістері біз үшін мақтаныш. Шәкірттеріміз тәжірибе алмасып, одан әрі шыңдала түсті. Аудан, облыс, ел мәртебесін асқақтатар жеңісті күндеріміз көп болсын,- деді «Барыс» балалар жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының таеквондо бөлімінің жаттықтырушысы Ғалымжан Қалиев.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521