Баскетболшылар бақ сынасты

Исатай аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «БАРЫС» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының ұйымдастыруымен баскетболдан 2003-2004 жылы туған оқушы ұлдар мен қыздар арасында аудандық Х спартакиада болып өтті.

basspor

Аудан мектептерінен қатысқан 9 команда өзара бақ сынап кім мықтыны анықтады.

bassport

bassport63

Қорытындыда қыздар арасындағы бәсекеде Аққыстау орта мектебі жеңімпаз атанса, Өркен орта мектебі құрамасы екінші орынды еншіледі. Үшінші орын Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп қыздарына бұйырды.

dassport32

Ал, ұлдар арасында І орынға Абай атындағы орта мектеп командасы қол жеткізді. Екінші орынды Х.Наубетов атындағы орта мектеп баскетболшылары иеленсе, үздік үштікті Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп оқушылары қорытындылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ озық өнерлерімен көзге түскен жекелеген ойыншыларға марапаттар табысталды.

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521