Батыр атындағы турнирде аудан құрамасы көш бастады

Халық батыры Исатай Тайманұлының жүлдесіне арналған дзюдо күресінен 2006-2007 жылы туған кіші жасөспірімдер (ұл-қыздар) арасында республикалық турнир өтті.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл турнирге биыл да көршілес Ақтөбе қаласы мен аудандарынан, Атырау қаласынан және басқа да облыс аудандарынан командалар қатысып, 150-ге тарта жасөспірім бақ сынады.

turnir-isatai1

- Батыр атындағы турнир алғаш рет 1995 жылы самбо күресінен бастау алған болатын. Сол жылдары күрестен палуандарымыз, атап айтсақ, Исатай ауданынан тұңғыш шыққан жастар арасынан самбо күресінен әлем чемпионы Мұхаммедрахим Оралбеков, Атырау облысы дене шынықтыру спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов, Қ.Р қыздары арасында аға-жаттықтырушы Хатип Арсен, Қонысбай Шпанов, Тайжанова Қалжан, Ержан Қабделов, Саид Сатаев, Серікбол Нұралин, Наурызбек Майлашов, Асхат Телманов, Сұңғат Закарияев сынды палуандарымыз топ жарып, кейін ел намысын әлемдік додаларда қорғап, көк байрағымызды көкке көтерді. Бүгінгі жеңімпаздар да алда талай байрақты бәсекелерде топ жарып, Азия, әлемді мойындататынына сенім мол, - дейді Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бұрхан Оралбеков.

isataiturnir6

10 салмақ дәрежесінде сынға түскен жас дзюдошылар арасынан командалық есепте Исатай ауданы бірінші, Атырау қаласы екінші, Мақат ауданы үшінші орындарды иеленді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521