Әбілмансұр - ел чемпионы

Алма ағашынан алыс түссін бе? Ауданымыздың атын алысқа шығарған спортшылар әулетінің тағы бір буыны жеңіс тұғырынан көрініп, әке жолын жалғады.

Айтып отырғанымыз кезінде жастар арасында самбодан әлем чемпионы атанып, абыройымызды асырған Мұхаммедрахим Оралбековтің ұлы - Ғалым Әбілмансұр.

s

s

Бұған дейін де біраз жүлдені қанжығалап жүрген Әбілмансұр кеше ғана Ақтөбе қаласындағы кадеттер арасында самбо күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында бақ сынады. Бабына бағы сай келген жас палуан бес бірдей кездесу өткізіп, оның бәрінде қарсыластарын қапы қалдырды.

Осылайша, деңгейлі додада топ жарған самбошы ел чемпионы атанып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Серікбол БЕРІКБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521