Бірінші орын «Барыста»

Аққыстау және Абай мектептерін 2002 жылы бітірген түлектердің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған кіші аяқдоптан аудан біріншілігінің жеңімпаздары анықталды.

Ойынның қорытындысы бойынша, ІІІ орынды «Бауырлар» командасы иеленсе, ІІ орынды «Құрдастар-86» командасы жеңіп алды. І орын «Барыс-74» командасына бұйырды. Жеңімпаз командаларға медал мен ақшалай сыйлық табыс етілді.

Сондай-ақ, Дәурат Мырзашев "Үздік мотиватор", Есенгелді Пазылғалиев «Үздік ойыншы», Нұрболат Дәрібаев «Үздік қақпашы»,  Рабиль Дәулеткереев «Үздік қорғаушы»,  Бегәлі Аманбаев «Үздік сұрмерген» номинацияларымен марапатталды.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT